Қоғам
1 мин оқу 355

Қазақстанда 4 мыңнан астам сайт бұғатталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаев балалар жылы аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Заңсыз мазмұны бар интернет-ресурстарды анықтауға бағытталған іс-шараларға ерекше назар аударылды. Биыл құқыққа қарсы бағыттағы 4 мыңнан астам интернет-ресурстар анықталып, бұғатталды», деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, балалар жылын өткізу жөніндегі ведомстволық жоспар аясында имидждік, әскери-патриоттық және профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Сондай-ақ полиция мектептердегі қауіпсіздік, заңнама, бейтаныс адамдармен және қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері туралы оқыту сабақтарын ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қазақстанда 4 мыңнан астам сайт бұғатталды · Egemen Qazaqstan