Аймақтар
1 мин оқу 273

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында тас жолда болған жол апатынан екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында «Доссор-Бейнеу» тас жолының 147- шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Тайғақ жолда ВАЗ Priora мен Toyota Alphard соқтығысты. Оқиға салдарынан ВАЗ Приора көлігінің  1985 жылы туған жолаушылары оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті құжаттар жинақталып жатыр.

Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan