Президент
1 мин оқу 473

Президент белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысы белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.

Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!», делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Президент белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты · Egemen Qazaqstan