Отандық телеарнада «Қаңтар оқиғасы. Бір жыл» деректі фильмі көрсетіледі
<p style="text-align: justify;">Бүгін отандық телеарнада ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген «Қаңтар оқиғасы. Бір жыл» жаңа деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Деректі фильмде 2022 жылы орын алған қаңтар оқиғасының толық хронологиясы, оның ішінде жаппай тәртіпсіздіктердің басталу себебі, бейбіт тұрғындарды арандатқан содырлар туралы егжей-тегжейлі баяндалады.
Айта кетсек, аталған деректі фильмде бұған дейін жарияланбаған фактілер айтылып, оқиға куәгерлерінің жаңа деректері ұсынылады. Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, сол үшін жазаланған адамдардың эксклюзивті сұхбаттары көрсетіледі.
«Қаңтар оқиғасы. Бір жыл» атты деректі фильм бүгін, 5 қаңтарда Jibek Joly телеарнасында сағат 20:30-да көрсетіледі.
