Парламент
1 мин оқу 250

Кадрлық жоба жалғасады

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі соңғы кадрлық өзгерістер яғни, жоғары мемлекеттік лауазымдарға жастардың тағайындалуы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Осыған қатысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин &laquo;Telegram&raquo; каналында жазба қалдырып, пікірін білдірді.</p>

Кадрлық жоба жалғасады

Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, жаңадан тағайындалған министрлер – Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Президенттік жастар кадрлық резервінің (ПЖКР) құрамына енген. «Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастама­сы­мен 2019 жылы қолға алынған еді. Бү­гінгі таңда Үкіметтің үш мүше­сі Пре­зиденттік жастар кадрлық резер­вінің өкілі. Бүгінге дейін 350 резер­­висттің 258-і түрлі жауапты лауа­­зымдарға тағайындалды, оның 34-і «А» корпусының мемлекеттік сая­­си және мемлекеттік қызметшілері (ап­па­рат басшылары, комитет төраға­лары)», деп Мемлекеттік кеңесші кадр­лық резервтің құрамын жіктеп берді.

Сонымен қатар Ерлан Қарин жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқандығын атап өтті. «Президенттік жастар кадрлық резерві жобасын одан әрі іске асыру – президенттік сайлау бағдарламасының басым бағыттарының бірі», деп қосты Е.Қарин.

Бөлісу:
Кадрлық жоба жалғасады · Egemen Qazaqstan