Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Ұлықтау рәсіміне қатысты

Өткен аптада Қазақ­стан Үкіметінің басшы­сы Кәрім Мәсімов Киев­те Украинаның жаңа сай­ланған президенті Петр Порошенконы ұлық­тау рәсіміне қатыс­ты, деп хабарлады Пре­мьер-Министрдің бас­пасөз қызметі. Украинаға сапары аясында Кәрім Мәсімов сон­дай-ақ, бірқатар екіжақ­ты кездесулер өткізді. Ук­раинаның премьер-ми­нистрі Арсений Яценюкпен келіссөздер барысында қа­зақстандық-украиналық қа­рым-қатынастарды дамыту жағдайы мен перспективалары талқыланды. Ал, Еуропалық ке­ңес төра­ғасы Херман Ван Ром­пеймен кездесуде Қазақстан мен Еуропалық кеңестің екі­жақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері қаралды.
Бөлісу:
Ұлықтау рәсіміне қатысты · Egemen Qazaqstan