Хоккей
1 мин оқу 260

«Адмиралды» оңдырмады

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Астананың &laquo;Ба&shy;рысы&raquo; Владивосток қаласында жергі&shy;лікті &laquo;Адмирал&raquo; клубымен өткізді.</p>

«Адмиралды» оңдырмады

Жерлестеріміз Қиыр Шығыстағы ал­ғашқы екі кездесуінде Хабаровскінің «Амурынан» жеңіліп қалған болатын. Ал Вла­дивостоктың «Адмиралымен» кезде­суінде жақсы нәтиже көрсетті. Ойынның 6 минутында алаң иелері есеп ашқанына қарамастан, біздің жігіттердің басымдығы анық байқалды. Айтқандай-ақ, келесі гол көп күттірген жоқ. 15 минутта Әділ Бекетаевтан тамаша пас алған Алекс Грант таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін 33 жастағы канадалық легионер тіптен қанаттанып кетті. Ол «Адмиралдың» қақ­пасын тағы үш мәрте дәл көздеді. Сол ара­лықта Леонид Тамбиев қақпашыны ауыс­тырып, Никита Серебряковтың орнына тәжірибелі Александр Лазушин шықты. Бірақ одан ештеңе өзгерген жоқ. Осылайша, Алекс Гранттың есімі ҚХЛ-дың тарихында төрт гол соққан тұңғыш қорғаушы ретінде қалды. Ал матчтың нүктесін Егор Петухов қойды. Қорытынды есеп – 1:5.

Дәл сол күні Челябінің «Тракторы» өз мұз айдынында Мәскеудің ЦСКА-сына есе жіберді. Соның арқасында «Барыс» плей-офф аумағында қалды.

Бөлісу:
«Адмиралды» оңдырмады · Egemen Qazaqstan