Жаңа министрлер ант қабылдады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы тағайындаған жаңа министрлер Үкіметтің бірінші отырысында ел халқына ант берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Үкімет отырысында жаңа Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев және Әділет министрі Азамат Есқараев ант қабылдады.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуі жолында жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін», деді министрлер.
Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа министрлерге сәттілік тіледі.
