Аймақтар
1 мин оқу 340

Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді

<p style="text-align: justify;">Тағы екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚазАвтоЖол таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейінгі және «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» күре жолының Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аралықтарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолында Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 бірлік жол пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды.

Бөлісу:
Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді · Egemen Qazaqstan