Руханият
1 мин оқу 251

Минскіде өнер көрсетеді

<p style="text-align: justify;">Ел астанасының мәдениет ошағына айналған &laquo;Астана Опера&raquo; театры ұжымынан шығармашылық жаңалықтарды жиі естиміз. Мәселен, театр солисі Анастасия Заклинская мен театрдың балет труппасының әртісі Диас Құрманғазы 29 қаңтарда Беларусь Үлкен театрының сахнасында А.Аданның &laquo;Жизель&raquo; балетінде басты партияларда өнер көрсетеді. Дирижер тұғырында &ndash; маэстро Юрий Караваев (Беларусь).</p>

Минскіде өнер көрсетеді

Елес қыздар жайлы көне мистикалық аңыз желісімен жазылған «Жизель» – көп­ші­лікке танымал балет. Ең ал­ғаш 1841 жылы 28 маусымда Париждегі Grand Opera сах­насында қойылып еді. Осы күннен соң композитор А.Адан­ның есімі жаңаша та­ныла бастады. Махаббат, кінә, шынайы кешірім мен өзін-өзі құрбан ету секілді мәң­­гілік тақырыптарға құ­рыл­ған шығарма беймәлім қиял-ғажайып әлеммен астасып жатыр.

– Шын махаббат қана бәрін жеңе алады. Сахнаға Жизель партиясын орындауға әр кез зор толғаныспен шығамын. Бұл балет өзіме қатты ұнайды, бас­тан кешіретін эмоцияла­рым да әртүрлі. Жеңіл пар­тия деп айта алмаймын, тех­никалық тұрғыда күрделі әрі бұл драмалық балетте бейненің эмоционалдық қа­нықтығын түгел жеткізу ма­ңызды. Сондай-ақ мұның Диас үшін де, мен үшін де балеттегі жетекші партияларды басқа труппамен орындауда алғаш­қы тәжірибе болатыны бізге ай­рықша жа­уапкершілік жүк­тейді, – дейді Анастасия Заклинская.

Ал Диас Құрманғазы шы­ғар­маны жеткізудегі әсе­рін айтты. «Маған Жи­зель мен Альберттің дуэтін­­дегі терең уа­йым, нә­зіктік пен ке­шірімді жет­кізу маңызды болды. Пар­тия­лар­­дың жеңілі болмайды, бар­лығының өзіндік техни­ка­лық, актерлік тұрғыда қиын­дықтары бар. Алайда біздің басты мақсатымыз – беларусь қауымына зор эмоция сыйлау», деді ол.

Қазақстан әртістері «Жи­зель» балетінің жаңа редакциясында өнер көрсетеді, оның премьерасы Беларусьте былтыр 28 қыркүйекте өткен болатын.

Бөлісу:
Минскіде өнер көрсетеді · Egemen Qazaqstan