Теннис
1 мин оқу 251

Қоржынымызда – тағы бір жолдама

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін біз үстел теннисінен Қа&shy;тар&shy;&shy;дың астанасы &ndash; Дохада әлем чем&shy;&shy;пио&shy;&shy;натының іріктеу турнирі өтіп жат&shy;қаны және сол жарыста Қазақстан құрамасы екі жолдамаға иелік еткені жайында жазған едік.</p>

Қоржынымызда – тағы бір жолдама

Кеше Парсы шығанағынан тағы бір қуанышты хабар келіп жетті. Еліміздің ең үздік үстел теннисшісі Кирилл Гераси­менко шешуші тұста сингапурлық Кла­ренс Чжэ Юды 4:1 есебімен ұтып, әлем чемпио­натының жолдамасын еншіледі. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Өйткені 26 жастағы Кирилл осыған дейін де көптеген халықаралық жарыста табысты өнер көрсетіп, сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро және 2021 жылы Токио Олимпиадаларына қатысты. Бірер жыл Германияның бундеслигасында бақ сынады. Бүгінде Герасименко әлемдік рейтингте 30-орынды иеленіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жұптық бәсекеде Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев және аралас жұптар са­йы­сында Айдос Кенжеғұлов пен Зәуреш Ақа­­шева жолдаманы қалталарына басқан еді.

Бөлісу:
Қоржынымызда – тағы бір жолдама · Egemen Qazaqstan