Әлем
1 мин оқу 276

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Сәрсенбі күні Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында жарылыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы әлеуметтік желілерде Талибан әкімшілігі жанындағы Кабул полиция департаментінің өкілі Халид Задран ақпарат таратты. 

Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жұмылдырылып, министрлік ғимаратына апаратын жолдар жабылды. 

Алдын-ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болды. Зардап шеккендер астанадағы ауруханаларға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды · Egemen Qazaqstan