Руханият
2 мин оқу 710

Балалар туындылары – Луврда

<p style="text-align: justify;">Елімізде ғана емес, көптеген шетелде қанатын кеңге жая бастаған &laquo;Бүкіл әлемде &ndash; бейбітшілік&raquo; халықаралық жылжымалы көрмесі Қазақстан балалары үшін үлкен шығармашылық алаңына айналып үлгерді. Дарынды өрендерді, оның ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі суретші балалардың туындылары осы көрме аясында кеңінен насихатталып келеді.</p>

Балалар туындылары – Луврда

Қазақстан Суретшілер одағы­ның мүшесі, кескіндемеші, Қа­зақ­стан балалар көрмесінің кураторы Болат Хамзиннің айтуын­ша, «Art palette» қоғамдық қоры бірнеше жыл бойы Қазақстан Мәдени дипломатиясы халық­аралық қауымдастығымен ынты­­мақтастықта  балалардың сурет­те­рін шетелдерде насихаттаумен айналысып келеді. Өткен жылы аталған қор тарапынан балалар шығармашылығы жобасы әзірленіп, «Бүкіл әлемде – бейбітшілік» ұранымен «Ұлы Жібек жолы» аясында көшпелі көрме бастау алған болатын.

Осы жоба бойынша өт­кен жылы Па­риж­дегі Лувр музейінде өткен әлем бала­ларының сурет  көрмесінде Қазақ­стан және Қырғызстан жеткіншектерінің де туындылары қойылды. Бұл көрме өнер­танушылар тарапынан жоғары бағасын алып, алдағы уақытта «Ұлы Жібек жолы» аясында Орталық Азия елдері мен Түркияда жалғасын табатын болады.

1

«Жобаға Қазақстан бала­ларының белсенді қатысуы ерекше назар аударуды қажет етеді. Сурет арқылы балалар қоршаған ортаға көзқарасын, ішкі көңіл-күйін білдіре алады. Олар салған суреттерде әдебиет, музыка, философия жиынтығы, адами құндылықтар  көрініс береді. Осы орайда талантты да талапты балаларға туған өлкесін ғана емес, әлемді тануға мүмкіндіктер қарас­тыру олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал етеді», дейді Б.Хамзин.

1

Зарина Бәйменова, Арина Ерболқызы, Дәрігүл Таңатарова, Аяжан Ақылтай, Құралай Әмір­хан, Алина Жексембек, Әлі­бек Қадыров, Асқар Бей­шекеев, Ақбота Таусова, Да­мира Сағынай, Мансұр Шәкір­жан, Райназ Күшкімбаева, Ми­раш Тастемірова, Алмас Ерлер, Дамира Райназ, т.б. көп­­теген баланың суреттері бү­гінде «Мың бояулы әлем», ЮНЕСКО-ның  «Мәдениетттер мен дәстүрлер тоғысында» халықаралық конференциясы аясындағы балалар суреттерінің көрмесіне қойылып, сертифи­каттарға ие болған.

Бүгінде Қазақстан балалар су­реттерінің шығармашылық қор­жыны жаңа туындылармен толы­ғып, халықаралық бейбітшілік мис­­сиясындағы рөлін күшейтуге ықпал етіп келеді.

1

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Балалар туындылары – Луврда · Egemen Qazaqstan