Арқалықта қызды құтқарған қызметкер ауруханадан шықты
<p style="text-align: justify;">Бесінші қабаттан құлаған қызды құтқарған Алмат Әмірханов ауруханадан шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгін оған көңілін сұрап, әріптестері барып қайтты.
- Жеке құрам атынан тезірек толық сауығып, қызметке оралуыңды тілейміз. Біз полиция қатарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз борышын лайықты орындайтын осындай қызметкерлердің барын мақтан тұтамыз, - деді Арқалық қаласы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрбол Марқабайұлы.
Еске салайық, 7 қаңтарда патрульдік полиция қызметкері көпқабатты үйдің балконынан құлаған қызды құтқарғаннан кейін бірнеше жерін жарақаттап, аяғынан зақым алған болатын.
- Қолдауларыңыз үшін рахмет. Еліміздің түрлі аймақтарынан көптеген жылы лебіздер жетіп жатыр. Мен үшін қатты уайымдағандарына ризамын. Қазір өзімді жақсы сезінемін, қызметке шығуға дайындалып жатырмын, - деді полиция аға лейтенанты.
