Үкімет
1 мин оқу 170

Бекет инфрақұрылымын нығайту

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Қар&shy;жы және бюджет ко&shy;митетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан мен Қырғызстан ара&shy;сын&shy;дағы өткізу пункттерін да&shy;мыту мәселесін тал&shy;қы&shy;&shy;лады.</p>

Бекет инфрақұрылымын нығайту

Депутаттар Мәжіліс қа­был­даған «2014 жылғы 29 мамыр­дағы Еуразиялық экономи­калық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қыр­ғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еура­зиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық эко­номикалық одақтың құқы­ғына кіретін жекелеген халық­аралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қол­дануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарастырды.

Хаттаманың ратификациялануы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өткізу бекеттерінің инфрақұрылымын жақ­сар­туды, атап айтқанда оларды жайластыру және мате­риал­дық-техникалық жарақ­тандыру бойынша екі жақты уағдаластықтарды орындау мерзімдерін ұзарту жөніндегі ынтымақтастықты көздейді.

Заң Еуразиялық эконо­микалық одақ құқықтары құралатын халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құ­қық­тық қатынастарын реттей­тін талаптарға сәй­кестігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған комитет мүшелері тал­қылау қоры­тындысы бойынша заңды палата отырысының қа­рауына жіберу туралы шешім қа­был-
дады.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Бекет инфрақұрылымын нығайту · Egemen Qazaqstan