Жаңалықтар
1 мин оқу 330
Маңызды мәселелер талқыланған кездесу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің аясында «Гленкор Экстрата» компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында энергетика, тау-кен металлургиясы және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Автомобиль, металлургия, азық-түлік және энергетика салаларында жұмыс істейтін «Гленкор Экстрата» компаниясы өнеркәсіптік және шикізаттық тауарлар жеткізетін әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі саналады.Бөлісу:
