Пәтерінде қарасора өсірген Павлодар тұрғыны анықталды
<p style="text-align: justify;">Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер өз пәтерінде тыйым салынған заттары бар жасырын орынды жабдықтаған Павлодар тұрғынын ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Тінту кезінде полицейлер 45 жастағы қала тұрғынынан арнайы шкафты тапты.
Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. Бөлмеден арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдары табылды.
– Тұрғылықты жері бойынша ер адамның пәтерінен 6 қарасора бұтасы мен 148 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
