Теннис
1 мин оқу 190
Александр Бублик AusOpen стартында жеңіліп қалды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австралияда өтіп жатқан AusOpen-2023 турнирінде жеңіліп, Испания өкілі Алехандро Давидович-Фокинге жол берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Турнир барысында испан теннисшісі сәтті өнер көрсетіп, негізгі фавориттер қатарынан көрінді.
Бастапқы айналымда испандықпен кездескен Қазақстан теннисшісі Александр Бублик 6:0 есебімен есе жіберді.
Алайда, екінші және үшінші сеттерде Александр 7:6, 6:3 есебімен басым түсті.
Десе де Испания өкілі қалған екі партияда 6:4, 6:3 есебімен жеңісті қолдан жұлып алды.
Бөлісу:
