Теннис
1 мин оқу 210

Делиде дара шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жас теннисші қыз&shy;дары Айя Нұпбай мен Асылжан Арыс&shy;танбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жа&shy;рысының жұптық сынында жеңім&shy;паз атанды.</p>

Делиде дара шықты

А.Нұпбай мен А.Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында елі­міздегі ең табысты жұп саналады. Олар Делидегі турнирдің финалында Тайланд теннис­шілерін екі сетте 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Өткен жылы қазақстандық жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Бұл – Айя мен Асыл­жан­ның бірлесе жеңген биылғы бірінші, жалпы 10-титулы.

«Жыл басында жеңіске жеткен маңызды. Қазіргі деңгейіме ризамын, бұдан кейін де бабымда боламын деп ойлаймын. Асылжанға рахмет, додада қиын матчтар болды. Біз содан сәтімен шыға білдік», деді А.Нұпбай.

«Бұл – Айя екеуміздің оныншы титулымыз. Жаңа маусым басындағы табыс тың жетістіктерге жетелейді, күш бе­реді. Феде­рация мен Team Kazakhstan акаде­миясының барлық бапкеріне алғыс айтамыз», деді А.Арыстанбекова.

Бөлісу:
Делиде дара шықты · Egemen Qazaqstan