Президент
1 мин оқу 230
Президент БАӘ Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
<p style="text-align: justify;">Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Кездесу барысында Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен бүгінгі келіссөзінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.
Сондай-ақ экономиканың түрлі саласындағы бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударылды.
Бөлісу:
