Жарнама
 
Оқиға
1 мин оқу 210

«АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО аумағында тағы да апат болды

<p style="text-align: justify;">&laquo;АрселорМиттал Теміртауда&raquo; ЖЭО-да газ құбыры опырылып қалды. Оқиға 18 қаңтар күні таңертең орын алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ЖЭО аумағында диаметрі 2200 мм болатын тікелей коксты газ құбыры опырылып қалған. Ұзындығы 20 метр болатындай бөлік зақымдалды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салайық, 2022 жылдың 22 желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы аванстық төлемдердің көлемін төмендеткені үшін оған 1,3 миллиард теңге айыппұл салынған еді.

Бұған дейін, 14 желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарттық міндеттемелері қайта қаралатынын хабарлады.

Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО аумағында тағы да апат болды · Egemen Qazaqstan