Универсиада: Қазақстан хоккейшілері финалда АҚШ құрамасымен кездеседі
<p style="text-align: justify;">Бүгін хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы Лейк-Плэсидте өтетін 2023 жылғы Универсиадада топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/pryamaya-translyatsiya-matcha-ssha-kazahstan-nahokkeynom-turnire-universiadyi-2023">Sports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Қазақстан - АҚШ кездесуі Астана уақыты бойынша 20:30-да басталады.
Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 12 ұпай бар. Қазақстан негізгі уақытта төрт рет жеңіске жетіп, үлкен нәтиже көрсетті. Бұған дейін Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Корея (5:1), Венгрия (9:1), Ұлыбритания (15:1) және Словакия (4:0) құрамаларын жеңді.
Командалардың топтағы орнына келсек, Қазақстан – 12 ұпай (4 матч), Словакия – 9 ұпай (4 матч), АҚШ – 6 ұпай (3 матч), Венгрия – 6 ұпай (4 матч). ), Оңтүстік Корея – 0 ұпай (3 матч), Ұлыбритания – 0 ұпай (4 матч). Бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.
