ПСЖ матчының арнайы билеті 2,4 миллион еуроға сатылды
<p style="text-align: justify;">19 қаңтарда «Пари Сен-Жермен» «Әл-Наср» және «Әл-Хилял» ойыншыларынан құралған командаға қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осыған байланысты Сауд Арабиясында өткен қайырымдылық аукционында арнайы билет сатылымға шығарылған еді. Билеттің ойыншылармен суретке түсу және командалардың киім ауыстыратын бөлмелеріне кіру мүмкіндігі сияқты артықшылықтары бар.
Баға 1 миллион сауд риалынан басталып, наәтижесінде 10 миллион риалға (2,4 миллион еуро) сатылған. Жиналған қаражат ұлттық қайырымдылық қорына жіберіледі.
Алдағы матчта «Аль-Насра» командасының жаңа ойыншысы Криштиану Роналду өнер көрсетуі мүмкін.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
