Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында топ жарды
<p style="text-align: justify;">Бангкокта Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастар біріншілігі басталды. Жарыстың бірінші күнінде рингке екі қазақстандық шығып, жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аталған турнирді еліміздің ересектер құрамасының көшбасшыларының бірі Санжар Ташкенбай ашты. Титулды және талантты боксшы 48 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевті жеңді. Оның артынан Бангкок рингіне тағы бір боксшымыз Махмуд Сабырхан шықты, ол ЧА-2023 стартында 57 келіге дейінгі салмақта өзбек Мырзабек Мырзахалиловты жеңді.

19 қаңтарда ЧА-2023 кестесі бойынша шаршы алаңға қыздар да шығады:
- 48 кг Анель Құдайберген - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
- 50 кг Мөлдір Тойкова - Мариэль Таландрата (Филиппин)
- 52 кг Жансая Рахимберды - Тхи Хой Нгуен (Вьетнам)
- 57 кг Виктория Графеева - Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд).
Азия біріншілігі 26 қаңтарда аяқталады.
