Жарнама
 
Білім
1 мин оқу 1,333

Мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады

<p style="text-align: justify;">Жуырда мәжіліс депутаттары мектептердегі соңғы қоңырау күнін кейінге шегеру мәселесін қозғаған еді. Оқу-ағарту министрлігі депутаттардың бұл үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан мектептерінде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Баршамызға белгілі, оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр – мектеп күні, сабақтан басқа балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусымда балалар ресми түрде соңғы қоңырауға шығады. Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы мерекемен қатар соңғы қоңырау соғылады», деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Еске салайық, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынып, депутаттық сауал жолдаған еді.

Бөлісу:
Мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады · Egemen Qazaqstan