Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды,<span class="Apple-converted-space"> </span>деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел күшейіп, 23-28 м/с жетеді.
Шымкент қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20, 23-28 м/с жел күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
