Аймақтар
1 мин оқу 240

«Эльдорадодағы» балықшылар бәсекесі

<p style="text-align: justify;">Жуырда ғана жұмысын бастаған &laquo;Балық Fest Shu&raquo; қоғамдық бір&shy;лестігі мен спорттық іс-ша&shy;ралар өт&shy;кі&shy;зу орталығы бірлесіп, Мем&shy;&shy;лекет және қоғам қай&shy;&shy;&shy;раткері Дінмұ&shy;хамед Қонаев&shy;&shy;тың рухына арнап ба&shy;лық&shy;&shy;шылар арасында турнир ұйым&shy;дастырды. Мұз үстінде балық аулаған ба&shy;лықшылар арасындағы бә&shy;секе тартыс&shy;ты өтті.</p>

«Эльдорадодағы» балықшылар бәсекесі

Шу ауданына қарасты Жаңа­жол ауыл­дық округіндегі «Эль­дорадо» шаруа қожалығының су айдынында өткен балық­шылар додасына өз ісінің қас шеберлері қатысып, дода көркін қыздыра түсті.

Бұл күні балықшылар өзара бә­секеге түсіп қана қоймай, бір-бі­рі­мен емен-жарқын әңгімелесіп, кө­кейдегі ойларын ортаға салды. Тур­нир қорытындысында Шатырхан Ке­рім­беков пен Қал­дарбек Срайылов жарысқа белсене қатысқаны үшін ба­ғалы сый­лықтарға ие болса, Ерма­хан­бет Елубаев үздік үштіктен кө­рінді. Сондай-ақ Ержан Вахитовке екінші жүлде бұйырса, Нұржан Қасқабай бірінші орынды, Сергей Мансарин бас жүлдені жеңіп алды.

«Жалпы алғанда, ауданымызда балық­шылар додасы өткен жылы алғаш рет қолға алынса, биыл ла­йықты түрде жалғасын тауып отыр. Қатысушылар тарапынан қы­зы­ғу­шылықтың зор екенін айқын аң­ғардық. Таза ауадағы жарыс әрі де­малыс саламатты өмір салтын қалып­тастыруға да зор ықпал ететіні даусыз. Іс-шараны ұйымдастырған азаматтарға ризамын. Бастаманың алдағы уақытта да сәтімен жалғасын та­батынына сенімім кәміл», дейді Шу ауданы әкімінің орын­басары Бақыт Аязұлы өз ойымен бөлісіп.

Жамбыл облысы,

Шу ауданы

Бөлісу:
«Эльдорадодағы» балықшылар бәсекесі · Egemen Qazaqstan