Тарих
2 мин оқу 772

Қонаев тағылымы

<p style="text-align: justify;">Белгілі жазушы, қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың &laquo;Таңғажайып Қонаев&raquo; атты роман-эссесі алғаш 2008 жылы &laquo;Қазығұрт&raquo; баспасынан жарық көрген еді. Бұдан кейін қалың оқырман сұранысы ескеріліп, 2012, 2013 жылдары екі дүркін жарияланып, әйгілі қайраткер ғұмырбаянына қызыққан қауымды қуантқаны да есімізде. Өкініштісі, таралымы өте аз болды.</p>

Қонаев тағылымы

Рухани-танымы жоға­ры шығар­маны 2014 жылы Қонаев университеті Мем­лекеттік сыйлыққа ұсын­ды. Түрлі себеппен мәре­ге жетпесе де, жер-жерде аға буын бір-бірінен сұрап оқи­тын еңбекке айналды. Содан бері оншақты жыл өтті. Астана музы­ка мектебінің негізін қа­лау­шы, білім ардагері Оспан Сүлейменұлы мен «Тіл және мәдениет» бір­лес­тігінің қайраткері Әнуарбек Ералы: «Сұра­ныс­қа ие шығарма бес жыл сайын жарық көріп тұр­ғаны жөн. «Таң­ғажайып Қонаевты» Мәдениет жә­не спорт министрлігі мем­лекеттік тапсы­рысқа енгі­зеді деп сенеміз. Беймәлім себеппен тізімге кірмей, кейінге қала беретіні ойландырады. Рас, Д.Қо­наев қаламгер емес, бірақ ол мем­ле­кет қайраткері, әлемге әйгілі тұлға ғой. Сон­дықтан кітап мемлекет қол­дауы­мен шығуға тиіс еді. Димекеңнің 110 жыл­дық мерейтойына орай жарық көр­мегені қамықтырды», дейді.

Ал қуанышты хабар – Қонаев жы­­лында Түркістан азаматта­ры осы кітапты Шымкенттегі «Нұр Дана» бас­пасынан шығарып, ха­лыққа ұсынды. Ғылыми конференцияда оқырманға, жергілікті кітапханаларға таратты.

Түркістан қаласының Әл-Фараби кітапханасында өткен Диме­кеңе арнал­ған жиында кітап авторы Ораз Қау­ғабай демеуші болған облыстық мә­дениет бас­қармасына, «Қонаев қо­рына» рия­сыз алғысын жеткізді.

Түркістандағы жиында Әсет Қыдырқұл есімді ақсақал: «Қа­зір өздері аспаннан түскендей Димаш Ахмет­ұлын жамандай­тындар да бар көрінеді. Әрине, компартия саясатымен байла­ныстырып. Астанада бір ақын­­ның осындай олақ сөзін ес­тіп таңғалып едім. Өзі алдын­да ком­мунистерді, кейін Қа­зақ­стан­­ды қиын жағдайға жет­кіз­генді жырлағанын тарс ұмы­тып кеткен... Димекеңнің таза­лығы болмысы мен ісінде тұр» деп, бүгінгінің ащы сабағын есімізге салды.

Сондай-ақ таяуда Ақтөбе қала­сында Д.Қонаев атындағы мектеп-гим­на­зияда да О.Қауға­бай кітабының таныстырылы­мы сәтті өтті.

Астанада да Д.Қонаев кол­­леджі мен мектебінде кітап авто­рымен кездесу болып, автор әді­летті Қазақстан үшін тұлға­танудың маңызын түсіндірді. Мұғалімдер мен шәкірттердің түрлі сұрағына жауап берді.

Айдар Жанарыс,

журналист

Бөлісу:
Қонаев тағылымы · Egemen Qazaqstan