Қазақстанда қанша сайлаушы бар?
<p style="text-align: justify;">ҚР ОСК отырысында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау үшін сайлаушылар тізімін қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров атап өткендей, Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеде жаңартады.
«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша біз сайлаушылар тізіміне 11 970 406 сайлаушыны енгіздік, олар тұрақты тұратын учаскелер бойынша алдын ала бөлінген. Сайлаушылардың ең көп саны – Түркістан облысында (1 177 507), ең азы – Ұлытау облысында (138 277)», деді Константин Петров.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 19 наурызға тағайындалды. ОСК шешімі бойынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау бір күнде өтеді.
