Қазақстан
1 мин оқу 333

Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында ұшақ қатынайды

<p style="text-align: justify;">ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, &laquo;Әзербайжан Хава Йоллары&raquo; әуе компаниясының Баку &ndash; Астана және Баку &ndash; Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осылайша, Әзербайжан әуекомпаниясы 2023 жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен, атап айтқанда бейсенбі және сенбі күндері, сондай-ақ 2023 жылдың 11 наурызынан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалады.

Айта кетсек, Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Бөлісу:
Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында ұшақ қатынайды · Egemen Qazaqstan