Тарих
1 мин оқу 430

Есенберлиннің жазу үстелі

<p style="text-align: justify;">Жазушы үшін қаламнан кейін тағы бір қымбат дүние бар, ол &ndash; жазу үстелі. Әдебиетіміздегі тарихи романдардың көшбасшысы Ілияс Есенберлиннің жазу үстелі, туған жері &ndash; Атбасар қаласындағы көрнекті қаламгер атындағы әдеби музейде сақталған. Бұл жәдігерді суреткердің отбасы 2012 жылы аталған мұражайға тапсырған.</p>

Есенберлиннің  жазу үстелі

Жазу үстелінің түсі ашық қоңыр. Оның бетіндегі тақтайы бір ағаштан жасалған, көлемі (139,7х70,0х3,0 см). Үстелдің пішіні тіктөртбұрышты болып келеді. Лакпен жылтыратылып, жиектері қоңыр түсті тек­стурный қағазбен қап­тал­ған. Үстелдің оң жағындағы тартпаның ішіне артық заттарды қоюға болатын орын бар. Сонымен бірге сол жағындағы шағын үш тартпаның да көлемі бірдей. Тартпалардың жиегі алтын түсті жолақтармен бе­зен­дірілген. Үстелдің аяғы мық­ты, берік. Айта кетейік, жазу үс­­телі 1980 жылы Германияда жа­­сал­ған.

Бұл үстелді жазушыға туған бауыры Раунақ Есенбер­лин Рига қала­сында тұрғанда сатып алып беріпті. Осы жазу үстелін­де қа­быр­ғалы қаламгер әдебие­ті­міз­дің қа­зынасын байытқан бірқатар сүбелі шығармасын өмірге әкелген.

Бөлісу:
Есенберлиннің жазу үстелі · Egemen Qazaqstan