Қысқы спорт
1 мин оқу 190

Парабиатлонның қос медалі

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиат&shy;лоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында 18 мемлекеттен келген 102 спортшы бақ сынауда.</p>

Парабиатлонның қос медалі

Жарыс жолына шыққандар арасында Қазақстанның да өрендері бар. Жерлесте­ріміздің арасынан Ербол Хамитов табысты өнер көрсетуде. Жексенбі күні ол парабиатлоннан 7,5 шақырымдық қашықтықты 25:07,3 секундта жүріп өтіп, қола медальді мой­нына ілген еді. Сол бәсекеде қазақ спортшысы тек канадалық Кэмерон Коллин мен америкалық Арон Пикеден қалып қойды. Ал кеше парашаңғышылардың спринтінде алдына жан салмаған Хамитов алтын тұғырға көтерілді. Жеңімпаздың уақыты – 2:44,23 секунд. Бұл тартыста украиналық Тарас Рад күміспен күптелсе, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қолаға қол созды.

Ербол бұрын грэпплинг және джиу-джит­сумен айналысып, Қазақстан кубогінде фи­налға дейін жеткен еді. Бірақ 2017 жылы оқыс оқиғадан кейін бір аяғынан айырылды. Бұл жағдай оның сағын сындыра алған жоқ. 

Бөлісу:
Парабиатлонның қос медалі · Egemen Qazaqstan