Тағайындау
2 мин оқу 410

Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарады

<p style="text-align: justify;">Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы 26 қаңтарда туған.

1983 жылы – Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.   2004 жылы – Халықаралық еңбек академиясын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 

1983 жылы – Талды аудандық автожолда жол шебері. 

1983-1985 жылдары - инженер-геодезист, мастер ПМК треста «Қарағандыөнеркәсіпқұрылыс» ӨМК тресінде шебер.

1985-1986 жылдары – Алматы теміржолында комсомол комитетінің хатшысы. 

1986-1989 жылдары - Совет аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі.

1989-1990 жылдары - «Интернационалист» МЖК инженері.

1990-1991 жылдары - «Халык қазынасы» ШК төрағасының орынбасары.

1991-1992 жылдары - жастарды әлеуметтік қорғау «Жастар» қоры кеңесі төрағасының орынбасары.

1992-1993 жылдары - «Саян» ЖШС директоры, «Астана-Холдинг банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

1993-1998 жылдары - «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті.

1998-2001 жылдары - «Аэлита» БК-да бөлім басшысы.

2001-2002 жылдары - «Сириус» ЖШС, «Аэлита» БК директоры.

2002 жылдың маусым-желтоқсаны – Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі. 

2002-2004 жылдары – Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 

2004-2005 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Алматы қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директоры. 

2008-2010 жылдары - Алматы қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.   

2010 жылдың желтоқсаны – 2016 жылдың мамыры – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі.

2016 жылдың мамыры – 2019 жылдың сәуірі – Алматы қаласы әкімінің орынбасары, 

2019 жылдың 8 сәуірінен – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі.

Сайланған қызметтері, депутаттығы:

2020 жылдың тамызынан - Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.  

Басқа қызметтері:

2004-2005 жылдары - «Отан» Маңғыстау облыстық партиясы филиалының төрағасы.

2011 жылы -  «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының төрағасы

Бөлісу:
Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарады · Egemen Qazaqstan