Әлем
1 мин оқу 380

Қытай көліктеріне сұраныс артты

<p style="text-align: justify;">Бейжің компанияларында жасалған көліктердің сатылымы жылдан жылға артып келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қытай көліктеріне сұраныс артты

Бейжің компанияларында жасалған көліктердің сатылымы тіпті Германиядағы көрсеткіштен асып түскен. Бұған дәлел былтыр шетелге 3 миллионнан артық көлік сатылған. Қазір бұл елде жаңа жыл мерекесі тойланып жатыр. Мереке қарсаңындағы жеңілдікке байланысты көліктерге деген сұраныс одан әрі артқан.

Ескеретін жағдай олардың 20 % жаңа энергия көздерінің көмегімен жүреді. Автокөліктерді сату және өндіру көлемі бойынша Қытай көш бастап келеді. Өткен жылы жаңа құрастырылған 27 млн көліктің 26,5-і сатылып кеткен.

Ал шетелге 3 миллионнан астам темір тұлпары сатылған. Мамандардың айтуынша, Қытай 700 мыңға жуық  көліктерді экспорттап, 120 пайыздық өсімге жетті. Еуропалық нарыққа ондаған жаңа  Қытай бренді шықты. 



Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Бөлісу: