Кино
1 мин оқу 1,270

Қаныш Сәтбаев туралы фильм көрерменге жол тартады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан&raquo; телерадиокорпорациясы түсірген &laquo;Қаныш. Қазына&raquo; тарихи телехикаясының негізіндегі &laquo;Қаныш&raquo; көркем фильмі кинотеатрлардан көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тарихи туынды 2 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрлар желісі арқылы үлкен экрандардан көрсетіледі.

«Қаныш» фильмінің сюжеттік желісі геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Кинотуынды жас Қаныштың қазақ халқының басына күн туған – ашаршылық және қуғын-сүргін жылдарындағы геология саласындағы алғашқы қадамдарын баяндайды.

Режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары - Әмір Әменов және Ален Рахметалиев. Фильмде Қаныш рөлін Әсет Есжан сомдайды.

6 бөлімді «Қаныш. Қазына» телехикаясын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 2021 жылы түсірген. Жоба 2022 жылы толықметражды фильм ретінде халықаралық «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Үздік фильм» («Best film») жүлдесіне ие болды.

Бөлісу:
Қаныш Сәтбаев туралы фильм көрерменге жол тартады · Egemen Qazaqstan