Спорт
1 мин оқу 300
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасы Софияда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатында ІІ дивизионның В тобында Жаңа Зеландия құрамасын ұтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстандықтар қарсыластар қақпасына жеті гол соғып, бір гол өткізіп алды.
Жеңімпаздар арасында София Зубкова покер авторы атанды, Мадианна Нүсіпова өз есебіне дубль жазды.
Екі турдан кейін 6 ұпаймен Қазақстан құрамасы турнирлік кестені жалғыз өзі бастап келеді. 29 қаңтарда Мария Федоренконың шәкірттері Бельгиямен ойнайды.
Бөлісу:
