Аймақтар
1 мин оқу 210

Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда қаланы жылумен қамту бойынша жедел штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Асайын Байханов ЖЭО жабдықтары мен коммуникацияларының қалай жөнделіп жатқанын тексерді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Станция 6 қазандықтың жұмысын қамтамасыз етіп жатыр. Желілерде қалған 9 зақымдануды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

«40% аумақ жөндеуден кейін қалпына келтірілді. Келесі аптада темірбетон науаларын орнатуды қажет ететін ең күрделі учаскелерді топырақпен толтырып бастау керек. Қазіргі кездегі негізгі міндет - қаланы жылумен жабдықтауды тоқтатуға жол бермеу және оны мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру», деді Асайын Байханов Іnstagram парақшасында. 

ЖЭО алдағы ауқымды жөндеу науқанына дайындалып жатыр. Көктемде станцияда 5 су жылыту және 3 энергетикалық қазандық агрегаттары қайта жаңартылады.

Бөлісу:
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады · Egemen Qazaqstan