Дін
1 мин оқу 330

Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Іс-шара барысында дестурктивті діни ағымның радикалды бағытын ұстанған 1995  және 1996 жылы туған азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасы тәркіленді.

«Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттар 186 грамм марихуана екендігі белгілі болды», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Бөлісу:
Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен есірткі тәркіленді · Egemen Qazaqstan