Оқиға
1 мин оқу 470

Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы тасжолда жол апатына ұшыраған көлік ішіндегі бір адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Қапшағай тасжолының 54-шақырымында Ford Mondeo мен Mercedes-Benz C-Class көліктері соқтығысқан. Қатты соққыдан Ford Mondeo көлігі жолдан шығып кетіп, арыққа түсіп, өртенген. Көлік ішінде қалған жүргізуші тірідей өртеніп кеткен. Қазір полицейлер көлікте басқа жолаушылардың бар-жоғын анықтап жатыр.

щ

Екінші көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлігі бірнеше рет қоршауға соғылған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, Ford Mondeo трассада сырғанап кеткен. Полиция қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті · Egemen Qazaqstan