Тағайындау
1 мин оқу 460

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы.

2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.

2012-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

Бөлісу:
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды · Egemen Qazaqstan