Астана мен Челябинск арасында әуе рейсі ашылады
<p style="text-align: justify;">ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық қатынасты одан әрі жаңғыртып, ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Астана – Челябинск бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді ашу мәселесін қарастырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Бұл қолға алынған жұмыстың нәтижесінде қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы биыл 13 ақпаннан бастап De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен аптасына жиілігі 3 рейспен жалғасатын Астана – Челябинск маршрутымен тұрақты жолаушылар рейстерін іске асыруды жоспарлап отыр.
Осы ретте Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстердің ұлғаюы екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени байланысты одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін айта кеткен орынды.
Билеттерді аталған авиакомпанияның ресми сайтынан сатып алуға болады.