Білім
1 мин оқу 350

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

<p style="text-align: justify;">Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға іссапары аясында бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Эдинбург қаласында өткен кездесуде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова және Heriot-Watt университеті меморандум аясында жүзеге асатын қадамдарды нақтылап, бірлесе атқаратын жұмыстар бойынша жоспар құрды.

Айта кетейік, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен іске асады деп күтіледі.

Бөлісу:
Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады · Egemen Qazaqstan