Спорт
2 мин оқу 220

Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды

<p style="text-align: justify;">Таяуда шахматсүйер қауым екі бірдей аса ірі халықаралық турнирді тамашалады. Оның бірі &ndash; Мәскеудегі Vegas City Hall кешенінде өтті. &laquo;Шахмат жұлдыздары&raquo; деп аталатын жарыста әлемге әйгілі 10 гроссмейстер бақ сынады. Солардың қатарында біздің Бибісара Асаубаева да болды.</p>

Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды

Рапидтен өткен турнирде 18 жасар Бибісара даңқты шахматшы, Әлем кубогінің иегері, командалық есепте әлем­нің екі дүркін чемпионы, 2016 жылғы «Үміткерлер турни­рінің» жеңімпазы, блиц пен рапидтен әлем чемпионы 33 жастағы Сергей Каря­кинді ұтып, сан миллион жан­күйердің ыстық ықыласына бөленген еді. Бірақ сол жеңістің өзі үздіктер қатарына қосылу үшін жеткіліксіз болды. Осы жарыста 4 ұпай олжалаған қазақ қызы Теймур Раджабовпен бірге бесінші және алтыншы орындарды өзара бөлісті. 6,5 ұпай­ды қоржынға салған үндіс­тандық Раунак Садхвани көш бастаса, ресейлік Сергей Каря­кин мен Владислав Артемьев (6 ұпайдан) екінші және үшінші орындарды иеленді.

Блиц бәсекесінде Бибі­сараның бағы жанбады. Не­бәрі 4 ұпайды еншілеген ол соңғы орында қалып қойды. Бұл турнирде жергілікті шах­мат­шылардың тегеуріні өте күшті болды. Бірінші орынды Алек­сандр Грищук иеленсе, екінші және үшінші сатыға Карякин мен Артемьев жай­ғасты.

Ал қорытынды есептегі жағдай мынадай: 1. Сер­гей Карякин (рапидте 2 орын+блицте 2 орын), 2. Алек­­сандр Грищук (4+1), 3-4. Раунак Садхвани (1+5) мен Вла­дислав Артемьев (3+3), 5. Теймур Раджабов (7+4), 6-7. Екатерина Лагно (5+9) мен Санан Сюгиров (8+6), 8. Би­бісара Асаубаева (6+10) және 9-10. Александра Горячкина (9+8) мен Франсиско Вальехо (10+7).

Ал Нидерландтың Вей- ка­н-Зее қаласында ұйымдас­тырылған турнирде ұзақ уақыт бойы Нодирбек Абдусатторов көш бастаған-тын. Тіпті оның осы жарыста жеңімпаз атанатынына ешкімнің де күмәні болған жоқ еді. Алайда соң­ғы турда ақ тастармен ой­на­ған Өзбекстанның өкілі ой­да-жоқта жергілікті ойыншы Йорден ван Форесттен ұты­лып қалды. Нәтижесінде, Аб­дусатторов Нор­вегияның даңқ­ты шахматшысы, әлем чемпио­ны Маг­нус Карлсенмен бірге екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Олардың әрқайсысы 8 ұпайдан иеленді. Ал бас жүлде Қызғалдақтар елінің тағы бір дүлдүлі Аниш Гириге бұйырды. Ол басты қарсыластарынан жар­ты ұпай артық жинады.

Бөлісу:
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды · Egemen Qazaqstan