Жаңалықтар
1 мин оқу 220

Шетелдік инвестициялар ел экономикасының дамуына мүмкіндік береді

Pshembaev03АСТАНА. 17 маусым. Еліміз шетелдік инвестицияларды тартуда Орта Азияда көш бастап тұр. Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пшембаев осындай пікірде. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады. Мейрам Пшембаев: «Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына (ҮИИДМБ-1) 100 млрд. доллардан астам инвестиция тартылды. Қазіргі  таңда Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығына (ҮИИДМБ-2) баса назар аударылуда», – деді. Еліміздің шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын дәлелдей сөйлеген депутат: «Бүгінде жүк магистральдық тепловоздары шығарылып жатыр. Кеше «General Electric» президенті енді компания жолаушылар тепловоздарын шығаратынын мәлімдеді», – деп толықтырды. Оның айтуынша, шетелдерден молынан инвестиция тарту еліміздің экономикасының сапалық тұрғыда  дамытады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: ortcom.kz. Фото: nurotan.kz.
Бөлісу:
Шетелдік инвестициялар ел экономикасының дамуына мүмкіндік береді · Egemen Qazaqstan