Мәдениет
2 мин оқу 2,310

Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдығына арналған байқау жарияланды

<p style="text-align: justify;">Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында &laquo;Рахметолла Райымқұлов &ndash; ХХ ғасырдың көрнекті қаламгері&raquo; атты республикалық байқау жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Байқауға қатысуға ниет білдірген жас қаламгерлер өз материалдарын 2023 жылдың 28 сәуіріне дейін ұсына алады. Байқау нәтижелері 2023 жылдың 11 мамырында шығарылады.

Қазылар алқасы құрамына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлары, журналистика және әдебиет теориясын зерттеуші ғалымдар, қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер мен журналистер кіреді. Ең үздік жұмыстар қазылар алқасы мүшелерінің отырысында іріктеледі.

Байқаудың басты мақсаты - жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиеттің беделін нығайтуға үлес қосу, балалар әдебиетін дамытуға күш салу, сондай-ақ жазушы
Р.Райымқұловты өз заманының көрнекті қаламгері, тарихи тұлғасы ретінде таныту, дәріптеу.

Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

  • Үздік әңгіме (еркін тақырып);
  • Балаларға арналған үздік шығарма (ертегі, мысал, әңгіме, т.б.), (еркін тақырып);
  • Үздік танымдық мақала (жазушы Р.Райымқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық мақала).

Байқаудың шарттары:

  • байқауда 2023 жылдың 1 ақпаны мен 28 сәуірі аралығында жолданған туындылар іріктеледі;
  • байқауға Қазақстанның барлық аймағындағы жоғары оқу орындары мен білім және ғылым мекемелерінің 35 жастан аспаған студенттері мен магистранттары және PhD-докторанттар мен жас ғалымдар қатыса алады;
  • байқауға тек қазақ тіліндегі шығармалар қабылданады;
  • бір автор бір жанр бойынша ғана байқауға қатысады;
  • байқауға ұсынылатын шығармалар мерзімді басылымдарда жарияланбаған, кітапқа енгізілмеген және бұған дейін басқа байқауларда жүлделі орын алмауы тиіс;

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

  • Көркемдік сапаның жоғары болуы;
  • Тақырыптың ашылуы;
  • Тіл тазалығы;
  • Логикалық үйлесім;
  • Ой тереңдігі;
  • Мұрағаттық ақпараттардың шынайылығы;
  • Жаңашылдығы.

Байқаудың әр номинация бойынша жеңімпазы 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Қосымша 3 қатысушыға ынталандыру сыйлығы ретінде 100 000 теңгеден беріледі.

Жұмысты рәсімдеу талаптары:

  • Байқау жұмыстары А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,15 аралықта терілуі керек;
  • Байқауға ұсынылатын материалдар көлемі 7-8 беттен аспауы тиіс.
  • Бірінші файлда шығарманың бірінші бетінің жоғарғы жағына шығарманың номинациясы және автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Екінші файлда автордың бүркеншік есімі және автордың толық аты-жөні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, мекенжайы, байланыс телефоны жазылуы керек;
  • Байқау материалдары авторларға қайтарылмайды.
  • Материалдар электронды нұсқада қабылданады.
  • Байқау материалдары мына электронды поштаға жіберілуі тиіс: mediaschoolalmaty2020@gmail.com.
Бөлісу:
Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдығына арналған байқау жарияланды · Egemen Qazaqstan