BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 3 ақпаннан бастап «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең алып көлдердің бірі және көлемі жағынан әлемде 15-орында тұр. Тұзды және тұщы бөліктен тұратын табиғи су тоғаны ретінде әлемде жалғыз саналады.
Балқаш алабұғасы – көлде кездесетін эндемикалық балықтардың бірі. Ол 5-7 миллион жыл бұрын жақын тұқымдасы – кәдімгі өзен алабұғасынан бөлектеніп шыққан. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
1) 3D және аса жоғары бедерлі технология қолданылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 дана;
2) МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «рrооf-like», номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдана береді. Сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
