Оқиға
1 мин оқу 370

Ақтауда бірнеше ұрлық жасаған 18 жастағы жігіт ұсталды

<p style="text-align: justify;">26 қаңтар кешкі уақытта белгісіз адам Ақтау қаласы 7 шағын ауданда бірнеше тонау деректерін жасаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұрлықшы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, сатушыдан ақша талап еткен. Сондай-ақ екі азаматшаның қол сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Осыдан кейін 18 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Күдікті УҰИ-ге қамалды.

Бөлісу:
Ақтауда бірнеше ұрлық жасаған 18 жастағы жігіт ұсталды · Egemen Qazaqstan