Университет
1 мин оқу 440

Ұлыбритания университетінің Ақтөбедегі филиалы

<p style="text-align: justify;">Еліміздің Ғылым және жоғары білім министр&shy;лігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұба&shy;нов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға жасаған сапары барысында бекітілген құжаттың берекесін көрер күн де алыс емес.</p>

Ұлыбритания университетінің Ақтөбедегі филиалы

Ведомствоның баспасөз қыз­меті хабар­лағандай, Эдинбург қала­сында өткен кездесуде та­раптар меморандум аясында жү­зеге асатын қадамдарды нақ­­тылап, бірлесе атқаратын жұ­­мыстар бойынша жоспар жа­сап­ты. Осы орайда, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішін­де жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен жүзеге аспақ.

Осыдан екі ай бұрын Ұлы­бри­таниядағы Heriot-Watt уни­вер­ситетінің ректоры Марк Биггс Ақтөбеге арнайы ке­ліп, облыс және Қ.Жұ­банов атын­дағы Ақтөбе өңірлік универ­си­тетінің басшылығымен кездес­кен болатын. Ақтөбе облысы әкім­дігінің қолдауымен Heriot-Watt университеті Қ.Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңір­лік университетінің база­сында үш («Мұнай-газ ісі», «Электрэнергетика», «Компьютерлік инженерия») бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын ашады. Бұл маман­дықтар өңірдің сұра­нысына қарай таңдалып отыр.

Жоғары оқу орындарының арасындағы серіктес­тік отандық техникалық және IT-маман­дарды бір­лесе дайындауға бағытталған. Оқуды аяқтаған студенттерге Heriot-Watt университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе уни­верситетінің қос дипломы бе­ріледі. Бұл мамандықтар ұлы­британиялық стандарт бойынша оқытылып, сапаны Heriot-Watt университеті бақылайды.

Талапкерлерді қабылдау келесі оқу жылында бас­талады. Алдағы уақытта жоғары оқу орындары ара­сындағы ака­демиялық ұтқырлық бағдар­ламалары қарқынды дамитын болады.

Бөлісу:
Ұлыбритания университетінің Ақтөбедегі филиалы · Egemen Qazaqstan