Хоккей
1 мин оқу 191

«Барыс» ЦСКА клубын жеңді

<p style="text-align: justify;">Сырт алаңдағы финалдық кездесуде &laquo;Барыс&raquo; Мәскеудің ЦСКА командасын 6:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Кездесу тартысты өтті. Екі команда бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл жасады. Матчтың үшінші кезеңінде командалар 5:5 есебімен теңесті.

Негізгі кезең 5:5 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Жеңіс шайбасын Никита Михайлис соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласын овертаймда 6:5 есебімен жеңді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 13 ақпанда елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

Бөлісу:
«Барыс» ЦСКА клубын жеңді · Egemen Qazaqstan