SCAT-тың әуе паркі «Боинг-737 МАХ 9» ұшағымен толықты
<p style="text-align: justify;">ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелерінің паркін ұлғайту мен тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мәселен, SCAT компаниясы сыйымдылығы 213 орынға шақталған «Боинг-737 МАХ 9» ұшағына ие болды. Осы арқылы әуе тасымалдаушының флоты 34 ұшаққа дейін артты.
Жаңа ұшақтың көмегімен SCAT-тың жолаушыларды тасымалдау сыйымдылығы ұлғайып, рейстерді уақтылы орындауға оң әсер етеді деп күтіліп отыр.
Айта кету керек, бұл әуе кемесі аталған авиакомпанияның былтырғы тамыз айынан бастап сатып алған осымен 8-ші ұшағы саналады.
Осылайша, бұл - өткен жылдың тамыз айынан бастап авиакомпания алған сегізінші әуе кемесі.
Бұл ретте қазақстандық авиакомпаниялардың ұшақтарды жаңартып, ұлғайту бойынша жұмыстары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұдайы бақылауында екенін айта кеткен орынды.
